Бердіқожа батыр
Place in the family treeBu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Бердіқожа батыр (шамамен 1690-1770) – жоңғарларға қарсы шайқаста қол бастаған XVIII ғасыр батырлар қауымының жарқын өкілдерінің бірі. Ұлы жүздің Шанышқылы руынан шыққан.
Тарихи деректер
Деректердің мәліметі бойынша жалпы халықтық құрмет пен даңққа қазақ-жоңғңар соғысында көрсеткен ерлігі арқасында жеткен Бердіқожаның өмір сүрген уақыты қазақ қоғамындағы батырлар институының гүлденген уақытымен сәйкес келді. Қазақстың тарихи фольклорының мәліметтеріне қарағанда Бердіқожа батыр жеке ержүректігімен ғана емес дарынды қолбасшылығымен де ерекшеленген. XVIII ғасырда Ұлы жүз қазақтары жасақтарының қолбасшысы ретінде ірі шайқастарға қатысқан. Бердіқожа батыр жайлы мәлімет капитан И. Андреевтің "Описание средней орды киргиз-кайсаков" атты еңбегінде келтірілген. Сол дерек бойынша 1783 жылы Семипалатинск бекінісіне келген Бердіқожаны жергілікті әкімшілік жақсы ықыласпен қабылдаған. Бердіқожа өзіне қарасты руларымен 18 жыл бойы Жетісудың бойын жайлап, қырғыздармен іргелес аймақты мекендеген және сол жылы ғана Шыңғыс тауының баурайына жайғасқаны жайлы Ресейлік шенеуніктер оның өз аузынан естіген. Бердіқожа батырдың ерекше жоғары дәрежеге жеткен кезі Абылай ханның билік құрған тұсы болды. Мағлұматтарға қарағанда қазақ қолбасылары Бердіқожа батырсыз хан кеңесін де өткізбеген, жорыққа да шықпаған. Оны Ұлы жүзде Төле биден кейінгі үлкен саяси қайраткер, ұлы қолбасшы мәртебесінде құрметтеген. Бердіқожа батыр Аягөз, Бұланты-Білеуті және Сарысу өзені бойындағы, Іле басындагы Талқы, Ебі, Ембі, Алакөл, Алтайдағы Ұланасу, Қандысу, Айдынсу, Шар, Шорға ұрыстарында, Қозымаңырақ, Қоймаңырақ, Ақшәулі, Итішпес көлдері маңындағы, Аңырақайдағы шайқастарда Ұлы жүз жасақтарына басшылық еткен.