Shejire

Бекмұханбет Нұрмұханбетов

PersonUpdated: 9/14/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Бекмұханбет Нұрмұханбетұлы Нұрмұханбетов (17 мамыр 1935, Алматы облысы, Ақсу ауданы, Еңбек ауылы — 12 маусым 2016, Есік) — қазақ археолог, “Алтын адам” жәдігерін табушы. Орта жүз құрамындағы Найман тайпасының Матай руынан шыққан.

Толығырақ

ҚазМУ-ды бітірген (1962). 1962 – 93 жылдары Қазақ КСР-і ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атынд. Тарих,археология және этнография институтында лоборант, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі болды. 1993 – 98 жылдары Алматы облысы Есік қаласында ашылған облыстық өлкетану мұражайының директоры, 1998 жылдан Қазақ Ұлттық ғылым академиясының Ә.Марғұлан атындағы Археологиялық институтында ғылыми кеңесші, осындағы археологиялыұ мұражайдың қор сақтаушысы. Ол Қазақстан аумағында академия Ә.Марғұлан мен К.Ақышев басқарған ғылыми экспедицияларға қатысты. Кейін Жетісу археологиялық экспедицииясын басқарды. Зерттеушілік жолы қола дәуірінен (б.з.б. 14 ғ.) ортағасырлық (б.з. 10 – 12 ғ-лар) кезеңдерге дейінгі аралықты қамтиды. Қаңлы заманын (б.з. 2 – 4 ғ-лар), көне түркі дәуірін (б.з. 4 – 8 ғ-лар) тұрақты зерттеді. Атап айтқанда, Отырар өңірінің Көкмардан, Күйікмардан қалаларының жұрттарындағы зираттарға, Арыс өз. бойындағы Бөріжар, Қарааспан, Бөген обаларында қазба жұмыстарын жүргізді. Көне мұраларды қорғау және пайдалану жұмыстарын жолға қою мақсатымен 1980 ж. жедел көмек тобын құрды. Бұл шағын топ кейін Қазақстан аумағын түгел қамтып, сақ қорғандары Шұбарт, Молалы, Қырғауылды, Боралдай, Есік, Түрген обаларын қамқорлыққа алды. 1999 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында “Алтын адам” Ұрпақтар сабақтастығы ассоциациясын құрды. Ассоциацияның басты мақсаты – “Алтын адам” табылған Есік обаларын ашық аспан астындағы мұражай-қорыққа айналдыру. Бекмұханбет Нұрмұханбетов осы обалардың қоғамдық негіздегі шырақшысы міндетін атқарып келеді. Археолог-ғалымның 50 шақты ғылыми мақалалары, көпшілікке арналған 200-дей материалдары жарық көрген.

Дереккөздер

Place in the family tree

Key facts

person
Бекмұханбет Нұрмұханбетов
Туған жері
Алматы облысы, Ақсу ауданы
Туған күні
17 мамыр 1935 (1935-05-17)
Азаматтығы
Альма-матер
ҚазМУ
Ғылыми аясы
археология
Несімен белгілі
«Алтын адам» бейітінің ашылуына қатысушы және негізгі автордың бірі
Қайтыс болған жері
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік
Қайтыс болған күні
12 маусым 2016 (2016-06-12) (81 жас)