Shejire

Бекбосынов Нұрлыхан Өтеуұлы

PersonUpdated: 9/14/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Нұрлыхан Өтеуұлы Бекбосынов (1937 жылы Маңғыстау ауданы, Жыңғылды ауылы - 2016 жылы Ақтау) — даңқты энергетик, мұнайшы, мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақстан Мұнай өнеркәсібінің Үздігі.

Өмірбаяны

Атырау мұнай техникумын (1958), Иваново энергетика институтын (1969 ), Мәскеу мұнай-газ институтын (1978), Қоғамдық ҒА-сын (1979) бітірген. 1959 – 1964 жылдары «Маңғыстаумұнайгазбарлау» тресінің Маңғыстау бұрғылау кеңсесінде электрмонтер, инженер-энергетик, бас энергетик болды. 1969 – 1973 жылдары «Өзенмұнай» мұнай-газ өндіру басқармасының бас энергетигі болды. 1974 – 1987 жылдары Жаңаөзен қалалық партия комитетінің 1-хатшысы болды. 1987 – 1992 жылдары «Маңғыстаумұнайгаз» өндірістік бірлестігінің бас директоры болды. 1992 – 1994 жылдары ҚР Энергетика және отын қорлары министрінің 1-орынбасары болды. 1994 – 1997 жылдары «Қазақмұнайгаз» мемлекеттік холдинг компаниясының 1-вице-президенті болды. 1997 – 2000 жылдары «Өзенмұнайгаз» бірлестігінің Алматыдағы өкілдігінің директоры болды. 2000 – 2004 жылдары «Қаражамбасмұнай» ААҚ-ның өндірісті ұйымдастыру жөніндегі директоры болды.

Марапаттары

КСРО Жоғары Кеңесінің халық депутаты (1989). Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіның құрмет грамотасы "Еңбек қызыл ту" ордені "Халықтар достығы" ордені КСРОның "Еңбек ардагері", "Ерен еңбегі үшін", "Лениннің 100 жылдығы" және т.б көптеген медалдармен мараптталған. Тәуелсіз Қазақстанның "Парасат" және "Құрмет" ордендерімен және медалдарымен марапатталған. КСРОның Құрметті мұнайшысы атағының иегері.

Дереккөздер

Place in the family tree

Key facts

person
Бекбосынов Нұрлыхан Өтеуұлы
Білімі
Атырау мұнай техникумыИваново энергетика институтыМәскеу мұнай-газ институты
Қайтыс болуы
1 сәуір 2016 (2016-04-01) (79 жас) Ақтау
Дүниеге келуі
23 ақпан 1937 (1937-02-23) Маңғышлақ облысы, Жыңғылды