Балпық би
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Үлгі:Infobox Балпық би Дәріпсалұлы (1696–1784) Осыдан 280 жылдай уақыт бұрын Жалайыр елінде әрі көсем, әрі шешен, әрі би, әрі қол бастаған батыр атанған Балпықтың тарихи еңбегі ерекше. Ескелді би, Қабылиса (Қабан) ақынмен бірге ол да көзі тірісінде әулие саналған, 1696 жылы дүниеге келіп, Қаратал, Көксу бойында 1784 жылы қайтыс болса керек.
Өмірбаяны
Балпық он екі ата Жалайырдың ең үлкені Андас тармағына жатады. Қай жерде, қандай жағдайда болмасын өзінен екі жас үлкен Ескелді бимен аты қатар аталған. Жүздеген жылдар бойы үздіксіз шапқын жасап тұрған Жоңғар қалмақтарынан ығысып, Сыр бойын, Шу бойын паналап жүрген Жалайырлардың басын құрап, Ескелді, Қабан ақын, Орақ батырлармен бірге жаудан босаған Жетісу өлкесіне көшіріп әкеліп, қоныстандырған еңбегі ел аузында ерекше айтылады. Бұл жөнінде мынадай жыр жолдары сақталған: Сырдарияның бойында, Қазалының ойында, Халқын түгел жинаған. Қараталдың бойына, Текелінің ойына, Қоныстанып тойлаған.
Балпық би туралы жырлар
XIX ғасырда өмір сүрген өрен жүйрік ақын Бақтыбай "Қамау сапары" атты толғауында былай дейді: Байұзақ, Мәмбет еді Абақтағы, Ескелді, Балпық еді Тарақтағы. Бар еді Жақсымбетте Асан, Сиық, Осылар кембағалды жылатпады. Асанда Қабылиса деген өтті, Жемітті өле-өлгенше ұнатпады. Ескелді, Балпық, Сиық, Қабылиса Жарлыны жарға итеріп құлатпады. Андаста аты шыққан Қарынбай би Бөлені маңайына жолатпады. XX ғасырдың ақыны Қалқа Жапсарбайұлы: Сүйсінді Балпық көрген соң, Іздеп тапқан жеріне, Жеріне сөйкес көліне, Жеріне шыққан шөбіне, Осы жер қоныс болар деп, Негізгі менің еліме... Ел орнығып толған соң, Меншікті жері болған соң, Балпық пенен Орақты Ескелді биді басшы ғып, Алдынан жер шолады, — деп жырласа, "Жетісу" деген өлеңінде: Жалайыр деген елімнің Үш жүз жылғы өткені, Ескелді мен Балпықтың Бастап келген мекені, — деп анық айтады. Есенкелді Ӏлімдіұлы деген ақын былайша сөйлейді: Қаратал, Көксу бойында Қатар жатқан ел едік. Үш әулие тұсында Ұзаққа қолды сермедік. Үш әулие тұсында Біз кімдерден кем едік?! Үш әулие тұсында Талайға теңдік бермедік. Үш әулие тұсында Қалмақ пенен Ойратты, Обыр менен озбырды Табанға салып иледік, Үш әулие тұсында Қаратал, Көксу өлкесін Содан бері жерледік. Мұндағы қайталанып аталатын үш әулие — Қабылиса-Қабан ақын, Ескелді мен Балпық би екені өзінен-өзі түсінікті. Ал енді Қадырәлі ақынға сөз берейік: Байтақ жатқан жерім бар, Айдын-шалқар көлім бар. Осы жердің иесі, Әулие шалған киелі Жалайыр деген елім бар, Сол жерімді корғайтын, Елім болып қолдайтын, Жоқтаушысы жерімнің, Қамқоршысы елімнің, Арқа тұтып ардақтар Балпық атты ерім бар! Сейдахмет Қосжанұлы өзінің "Дана бабам" деген ұзақ толғауында былай дейді: Балпық би Ескелдінің тете інісі, Тең болған көріпкелдік, нақ киесі. Зобалаң ойраттардан туған шақта, Қол бастап болған екен ел иесі. Арасы алыс емес екі-үш жастан Пір тұтқан Ескелдіні әуел бастан. Әзіл-қалжың арада болғанменен Есекеңсіз татпаған алдағы астан. Ескелді өтерінде Балпыққа айтқан: Ел ішін алауыздық, даудан сақтан. Біреуін алыстау деп сыртқа теуіп, Біреуін жақындау деп ішке тартқан. Соны айтып Ескелді би дүние салған, Ерлігі ел аралық содан қалған. Балпық би берген антын ағасына Өлгенше сөзден тайып бір бұзбаған. "Балпық сынды бабамыз" деген өлеңінде Сейітқали Елтайұлы өзінше толғайды: Қазағымның қолдан бермей құрығын, Ата-бабам сеуіп кеткен ұрығын. Даласына шарапат боп дарыған, Ескелді мен Балпық деген бір ұғым. Күнә болар өз ойыңды көрген деу, Қиын білем қиянатқа "көнем" деу. Есекеңді аға тұту үлгісі Бапакеңнің жатқандығы төмендеу. Мен қалайша өздеріңді жат етем, Өкініштен туар сөзің "қап" екен. Аттарыңды тура айтып жатырмыз, Кешіре гөр, Есекең мен Бапеке! Серікбай Тұрланов деген талапкер ақын былай дейді: Майысқан ойпаң, беткейлі қайың мың бұрау, Талдырған жанар боз селеу шексіз жазықтар. Қыш құбыр құшқан қорған ба, әлде арықтар, Мүлгіген аруақ тастүйін мүсін қазықтар. Оянды алып қолбасшы батыр Қабанбай, Ескелді, Балпық билерім дана алаудай. Рухымен бабам дүркіреп кетті ел-жұртым, Қуаныш-теңіз толқынды шегін таба алмай.
Шешендік сөздері
Балпық айтты деген шешендік сөздер 1993 жылы жарық көрген ғылым докторы Нысанбек Төреқұловтың "Қазақтың би-шешендері" деген кітабына енген. Әлі де ел аузында жүрген, жиналып-қатталмаған қаншама үлағатты сөздер бар десеңізші. Өйткені тоқсан жас жасаған әулие қарияның ұрпаққа қалдырған мұрасы үшан-теңіз екеніне күмән жоқ. Мен реті келген соң республикалық, облыстық баспасөзде жарияланған кейбір сөздерін келтіре кетуді жөн көрдім:
Бұл сөздердің көбісі бұрынғы Талдықорған облыстық "[Жерұйық газетіЖерұйық", Қаратал аудандық "Қаратал" газеттерінде жарияланған. Әулие баба ғибраттарын жинауда Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Көксу ауданында тұратын С.Тәнекеев мырза көп еңбек етіпті. Ол Алматыда тұратын Дәндібайұлы Байжомарт, Қызылтоған ауылында тұратын Әлдибекұлы Тәңірберген, Бесқайнар|Бесқайнардағы Алдиярұлы Қабсөлім жөне осы ауылда тұрған марқұм Оспанұлы Нұрқасым, аудан орталығы Балпық кентінде тұратын Смағұлұлы Жапарқұл, "Қарашоқы" ауылында тұратын Халимолла қарт, "Мұқыры" ауылында тұратын Атанбайұлы Рыскелді сияқты көнекөз, құйма құлақ қариялардан 1964 жылдың қыркүйегіне дейін қағазға түсіріп, "Жерұйықта" жарияланған екен.
Ұрпақтан ұрпаққа жеткен осынау ұлағатты сөздер айтқан адамды әулие емес деп кім айтады. Балпық — батагөй қария, ділмәр шешен ғана емес, ел басшысы — көсем болғаны айдай анық. Оның қарапайымдылығы мен данышпандығы қатар жүргенін мынадан да байқауға болады: дүниеден өзінен бұрын өткен екі-ақ жас үлкен Ескелдіні аға тұтып, өзін жерлегенде денесін екі шақырымдай жерге төменірек қоюды аманат еткен! Екеуінің туғанына да үш жүз жыл толуына байланысты өткен тойларына қатысқанда байқағаным, қайта көтерілген кесенелеріне ағайын-туыстары ғана емес, сол маңайдағы орыстар да, немістер де, корейлер де, барша қауымның аянбай ат салысқаны. Екі жүз жылдан бері бастарына түнегендер бала тауып, ауруынан жазылып, қырсығынан арылып келе жатқан қос әулиеге тұрғызылған зәулім ескерткіштер — ұрпақтар ұмытпайтын белгідей болып алыстан жарқырап көрініп тұр.
Қосымша
Балпық би (1705 жылы, Көксу ауданында - 1780) би, батыр. Жалайыр руынан шыққан. Әкесі мол дәулетжан атағы шыққан бай, анасының есімі — Ақбалық. Сөз бастаған шешен, қол бастаған батыр ретінде Балпықтың аты Ескелеңмен қатар айтылған, екеуін егіз би деп атаған. Балпық жоңғар шапқыншығы кезінде өзінің аға достары Ескелді, Қабан жыраумен бірге Іле мен Қаратал арасындағы жалайыр, оған көршілес найман, суан, ысты руларының біраз бөлігін шабуыл өтінен дер кезінде әкетіп, қьірылып кетуден сақтады. Хантау мен Қаратаудан әрі ауылы Нақысбеков, "Балпық би асып, Сыр бойында тұрақтаған соң бірқатар жорықтарды басынан кешірді. Аңырақай шайқасына, Аягөз бойындағы Таскескен мен бүгінгі Текелі қаласының маңындағы соғыстарға қатысқан. Әділ сөзімен жалайыр мен жаныс руларын табыстырған. Балпықтың ұлы Тіленші де беделді би болған. Әкелі-балалы билердің еліне сіңірген қызметі туралы Ш.Уәлиханов, Құнанбай Өскенбайұлы жазған, Сүйінбай, Жамбыл, Бақтыбай, Сара Тастамбекқызы, т.б. ақындар жыр еткен. Бейіті Үштөбе қаласының түбінде. Көксу ауданының орталығына Балпық би есімі беріліп, ескерткіш орнатылды. Әдебиеті: