Shejire

Бәкизат Ақылбайқызы

PersonUpdated: 9/14/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Бәкизат Ақылбайқызы (1885-1924) - Абайдың немересі. Ақынның баласы Ақылбайдың қызы. Ағасы Әубәкір екеуі Оспанның бауырында, Еркежанның қолында тәрбиеленген. Оспан қайтыс болғаннан соң, Абай Еркежанға үйленеді де, Бәкизат Абайдың да тәрбиесін керіп еседі. Абай оған «Бәкизатым, шұбарсың...» деген өлең арнап кішкентай қыздың білімге құмарлығын құптағанын білдірген. Бәкизат 1902 жылы Шаған болысының адамы Сыпатай Молдабайұлына ұзатылған. Өзіне жасау ретінде берілген Абай үйінің, Ұлжан бәйбішенің, Еркежанның біраз дүние-мүлкі қызы Бәзилаға мұраға қалып, Бәзила оларды 1948 жылы Абайдың Жидебайдағы музей-үйіне табыс еткен.

Сыртқы сілтемелер

http://oks.kz/Muragat/9-10/Abai%20urpak.htm Мұрағатталған 25 ақпанның 2010 жылы.

Дереккөздер

Place in the family tree