Shejire

Байғара Құттыбайұлы

PersonUpdated: 9/14/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Байғара Құттыбайұлы (шамамен 1699- 1775) - ақын, шешен, би. Найман тайпасы Қаракерей руы Сыбан бөлімінен шыққан. Ел ішінде Байғараны «Қыдыр дарыған әулие» санап, аруағына халқы сиынып, зиратына қонып, мінәжат еткен. Найманның Қаракерей руының Сыбан елінің ақындық мектебі Байғара биден бастау алады, шыққан тегіде Найманнан. Ақтайлақ, Дулат, Түбек, Әріп Байғараның ұрпақтары. Байғара бидің биік тұлғасын Дулат ақын «Кеңесбайға» деген өлеңінде:

«Байғара атаң бай болды, Төрт түлігі сай болды, Қайыры елге мол болды, Анық әділ сол болды», - деп, оның байлығымен қоса, халқына қайыры тиген әділдігін жырға қосқан. Сыбан елінен шыққан Б-ның ұлағатты сөздерін Абай да білген. Б. ұрпақтары туралы М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында мол дерек берілген.

Дереккөздер

Place in the family tree