Shejire

Байбосын Күзембайұлы

PersonUpdated: 9/14/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Ezra Cornell's first book
Public domain

Байбосын Күзембайұлы (1886 жылы туған, Түркістан облысы Қызылқұм ауданы Тартоғай мекені - 1930, сонда) - ақын. Қызылқұм, Сыр бойы, Қаратау өңірі ақындарының шығармалары, халық поэзиясының нұсқаларын жатқа білген. Замандастарының жөнсіз қылық-мінездерін әшкерелеген сын-сықақ, кекесін өлеңдері халық ішіне кең тараған. Атақты Айтбай Қызыл жырау, Балтабай ақындармен сөз жарыстырып, өнер сынасқан. Халық поэзиясының нұсқаларын, Сыр бойы мен Қаратау, Қазығұрт атырабы ақындарының шығармаларын жатқа білген. "Күз өтіп бара жатыр қысқа айналып", "Бітімге", "Қира Жүмаділдаға", "Бір қызға", т.б. Өлендері, замандастары Қызыл жырау, Айтбай, Балтабай секілді ақындармен сөз қағысулары, т.б. шығармалары Отырар руханияты музей-кітапханасында сақтаулы тұр.

Дереккөздер

Place in the family tree