Байбақты Қармысұлы
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Байбақты Қармысұлы (1823–1916) — қазақ батыры, әулие адам болған. Жем өзенінің төменгі сағасы Айранкөл, Шатпакөл деген жерлерді жайлаған. Байбақты Бесқала, Қоңырат жаққа өткен кезінде Хиуа ханының жасағына алынып, қызылбастарға қарсы жорықтарға қатысқан. Бір ұрыста aдайдың Сүгір деген батырын жау қоршауынан алып шыққан. Осы ерлігі үшін Хиуа ханы оған бес қару мен ақалтеке тұқымды арғымақ сыйлаған. Байбақты 1853–1860 жылдары Маңғыстау, Үстірт, Жем, Елек бойы қазақтарының патшалық Ресейге қарсы көтерілісінде ерекше белсенділік көрсеткен. Өмірінің соңғы кезеңінде молдалық (сопылық) жолға түсіп, тақуалықпен өткізген. Доссордан солтүстікке қарай он шақырым жердегі Тасқұдықта жерленген. Байбақты қорымындағы зиратына адамдар түнеп, әулиеге тағзым етеді. Басына ескерткіш кесене салынған.