Shejire

Асхат Әлкенұлы Әлкенов

PersonUpdated: 9/14/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Фрагмент газеты Советская Индустрия от 11.06.1985
Алюминстрой · CC0

Әлкенов Асхат Әлкенұлы (1935 ж.т., Қорғалжын ауданы Қорғалжын кеңшары) — ғалым, тех. ғыл. докт. (2007), ҚР минералды шикізаттар академиясының корр.-мүшесі (1997). Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері (1993). КСРО өнертапқышы (1987). КСРО Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1988). Қазақ тау-кен институтын (ҚазҰТУ-ды, 1958 ж.) және Қазақстан ғылым академиясының аспирантурасын (1976) бітірген. Павлодар алюминий зауытында аға инженер (1958 — 60), Павлодар облысы комсомол комитетінің хатшысы (1960 — 61) қызметтерін атқарған. «Қазақстан алюминийі» АҚ-нда материалдық-техникалық бөлім, телім, химиялық-металлургиялық цехтың бастығы қызметтерін атқарған (1961 — 2004). 2004 жылдан «Қазақстан алюминийі» АҚ президентінің ғылыми істер жөніндегі кеңесшісі. Павлодар алюминий зауытында «Соғыс және еңбек ардагерлері» кеңесінің төрағасы. Ә. 100-ден астам ғыл. еңбек пен 38 куәліктің авторы және телавторы. «Құрмет», Азамат, Еңбек Қызыл Ту,«Құрмет белгісі», Халықтар Достығы ордендері, медальдармен марапатталған.[

Дереккөздер

Place in the family tree