Асатаяқ (би)
HistoryUpdated: 9/15/2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
"Асатаяқ" - қазақ биі. Н.Тілендиевтің "Ата толғауы" күйінің сүйемелімен екпінді ырғақта орындалады. Музыкалық өлшемі 2/4. Оны қолдарын асатаяқ ұстаған бір топ қыздар билейді. Қоюшы-балетмейстері З.Райбаев. "Асатаяқты" алғаш сахнаға шығарған Торғай филармониясының құрамындағы "Шертер" ансамблінің бишілер тобы. "Асатаяқ" биі Қазақ ән-би ансамбль "Гүлдер" эстрадалық жастар ансамблі, т.б. шығармашылық ұжымдар репертуарынан кең орын алды.