Shejire

Асанас

HistoryUpdated: 9/15/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Location map of Kazakhstan
File:Kazakhstan location map.svg: NordNordWest derivative work Виктор_В · CC BY-SA 3.0

Асанас қалашығы – орта ғасырлардан сақталған көне қала орны, Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық ескерткіш.

Орналасқан жері

Қызылорда қаласының оңтүстік-шығыс жағында 48 км жерде орналасқан.

Тарихи деректер, зерттелуі

Жазба деректерде моңғол шапқыншылығынан бастап (1220) белгілі. Жауға табанды қарсылық көрсеткендіктен жермен жексен қиратылып, халқының көпшілігі қырылған. Сырдарияның бойындағы басқа да қалалар сияқты көп ұзамай қайта қалпына келтіріліп, XIV-XV ғасырларға дейін болған. Алғаш 1899 жылы В.А. Каллаур, кейінірек 1960-1961, 1968 жылы Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (Н.Н. Вактурская) зерттеген.

Сипаты

Қала орны Асанас өзенінің құрғақ арнасы бойында орналасқан. Цитадельінің аумағы 40х50 м, айналадағы деңгейден биіктігі 14 м. Орталық бөлігін қоршай орналасқан шаһристанның үлкен қабырғасы 300 м, кіші қабырғасы 200 м. Қорған қалдығының ені 15 м, биіктігі 5 м. Қазба кезінде жиналған қыш ыдыстар мен басқа да археология материалдар қаланың VI-XV ғасырлар аралығында болғанын көрсетеді.

Дереккөздер

Key facts

Қалануы
VI-XV ғасырлар
Мәртебесі
Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші
Орналасуы
44°27′51″ с. е. 65°39′17″ ш. б. / 44.46417° с. е. 65.65472° ш. б. / 44.46417; 65.65472 (G)&…
Қазіргі жері
 Қазақстан, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы