Аршалы жайлауы
HistoryUpdated: 9/15/2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Аршалы – Алматы облысы Көксу ауданындағы жайлау.
Ол Текелі тауындағы Ақтөбе жайлауымен шектеседі. Текелі қаласынан 10 – 15 км жерде. Жері ой-шұқырлы, дөңес-жоталы болып келеді. Шөбі тықыр. Онда қазтабан, аюжүн, сарыбас жоңышқа, теңгежапырақ тәрізді өсімдіктер өседі. Жайлау шоқ-шоқ болып ұйысқан аршалар өсетіндіктен Аршалы деп аталып кеткен.