Shejire

Ақсай

HistoryUpdated: 9/15/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

In year 29 September 2007, new coat of arms of Aksay created. Authors are Koshym Kenzhaliyev and Zeine Kenzhaliyeva.
Naryn Isatay · CC BY-SA 3.0

Ақсай — Батыс Қазақстан облысындағы қала, Бөрлі ауданының орталығы, темір жол стансасы.

Географиялық орны

Облыс орталығы - Орал қаласынан шығысқа қарай 108 км-дей жерде, бетеге мен селеу өскен қоңырқызғылт топырақты, құрғақ дала белдемінде, Шыңғырлау өзенінің солтүстік далалық өңірінде орналасқан.

Халқы

33,6 мың адам (2014). 38,3 мың адам (2015). 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 36293 адамды (17477 ер адам және 18816 әйел адам) құрады.

Тарихы

Іргесі 1936 жылы Орал - Илецк темір жолын салуына байланысты қаланған. Басында “Қазақстан” болып аталып, бұл кент 1967 жылы қала мәртебесін алып, аты Ақсай болып өзгертілді. 1965 жылдан бастап Бөрлі ауданының орталығы. Қарашығанақ кені игеріле басталуы қала дамуына жаңа қарқын берді. 1980 жылдар бойы Герман Демократиялық Республикасы мен Чехословакиядан құрылысшылар келіп, Қарашығанақта газ өндірісіне қажетті қондырғылар салды. Ақсай да шет қалмай, бірнеше шағын аудан, мектеп, балабақша, ойын-сауық орталықтары салынды.

пр. Абая
olko1981 · CC BY 3.0

Кәсіпорындары

Ақсай қаласында машина-трактор жөндеу, темір-құйматас бұйымдарын жасау зауыттары, автобаза, астық қабылдау пункті, тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, темір жол көлігі кәсіпорындары, нан зауыты, элеватор жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы

Орта мектептер, кітапханалар, аурухана, кинотеатр бар. Қалада 6 орта мектеп бар. Тұрғындар облыс орталығымен, жақын аудандармен автомобиль жолдары арқылы қатынасады. Ақсай қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 20 км жерде Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны орналасқан.

Дереккөздер

Key facts

Ел
 ҚазақстанҚазақстан
Әкімі
Арсен Баяндықов
Ауданы
Бөрлі ауданы
Облысы
Батыс Қазақстан
Статусы
аудан орталығы
Тұрғыны
36 352[1] адам (2023)
Телефон коды
+7 71133
Уақыт белдеуі
UTC+5:00