Shejire

Ақнайман жаман батыр

HistoryUpdated: 9/15/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Ақнайман Жаман батыр, Жаман батыр — Абылай хан ордасына жақын жүрген батырлардың бірі. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардың серігі, Найман тайпасының Қаракерей руының Ақнайман бұтағынан өрбіген. Сарысу, Шорға, Алқабек-Білезік, Шаған, Сарыбелдегі шайқастарға қатысқан. Барлық шайқаста Ақнайман қолына ағалық еткен. Абылай ханның қазақ елін біріктіріп қуатты мемлекетке айналдыру саясатын қолдаған. Қабанбай, Шонай, Барақ, Есет батырлармен бірге Жоңғар жеріндегі (1750 — 1755) шайқастарға, Цин империясының жаулау жорықтарына қарсы ұрыстарға (1757 — 1758) қатысты.

Дереккөздер