Анна Ивановна Авенирова
Place in the family treeBu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Авенирова Анна Ивановна (9.3.1904, Ресей, Архангельск губерниясы, Спасск ауылы – 14.4.1971, Алматы қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (1955), профессор (1956). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген дәрігері (1947) және еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1966). Пермь мемлекеттік медицина институтын бітірген (1925), Қазақстанға 1929 ж. келген. Авенирова – Қазақстанда ана мен бала денсаулығын қорғау ісін ұйымдастырушылардың бірі. 1948–51 ж. Ана мен баланы қорғау институтының директоры, 1952–71 ж. Алматы мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) кафедра меңгерушісі болды. Баланың ас қорыту жүйесінде болатын аурулардың себептерін, олардың таралуы мен емдеу жолдарын зерттеген. Лямбиоз, кейбір бүйрек ауруларын емдеудің әдістерін тапқан. Осы аурулар туралы бірнеше ғылыми еңбектері жарық көрген.
Шығармасы
Протозойные заболевания кишечника у детей, А.-А., 1966.