Алтынемел, Көшентоған
HistoryUpdated: 9/15/2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Алтынемел, Көшентоған - Алматы облысының Кербұлақ ауданы жеріндегі тарихи мекен.
Географиялық орны
Жетісу Алатауының оңтүстік-батыс сілемінде, Алтынемел және Матай тауларынан басталатын Байғазы және Дос өзендерінің бастауында орналасқан. Оңтүстік-батысында Жүзасу (1474 м), оңтүстік-шығысында Алтынемел асуымен шектеледі. Алтынемел мекені Ш.Ш.Уәлихановтың өмірімен тығыз байланысты. Ол өмірінің соңғы жылдарын (1855–1865) Алтынемелде өткізді, сонда жерленді. Ғалымның Алтынемелдегі зираты басына 1985 жылы ескерткіш-белгі орнатылып, тарихи-мемориалдық мұражай ашылды.