Shejire

Алматы теледидар мұнарасы

HistoryUpdated: 9/15/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Камал Қармыс көшесінде орналасқан пәтерден түсірілген Көктөбе мен Алатаудың (Алматы бөлігі) панорамасы
Bekbal · CC BY-SA 4.0

Алматы теледидар мұнарасы — радио-теледидар хабарларын тарататын станса кешені.

Тарихы

1975 — 84 жылдары Алматы қаласының географиялық ең жоғарғы нүктесі, теңіз деңгейінен 1000 м биік Көктөбе беткейіне, сейсмикалық жағынан өте берік етіп (10 баллдық жер сілкінісіне төтеп береді) салынған. Сәулетшілері: Н.Г. Терзиев, А.Н. Савченко; конструкторлары: Н.К. Акимов, Б.В. Остроумов.

Техникалық сипаттамасы

Мұнараның биіктігі 372 м, онда екі жүрдек лифт және арнаулы жүк көтергіш механизм жұмыс істейді. Темір-құйматасты іргетасы (көлемі 15 мың м²), биіктігі 20 м үш қабатты секциялы жертөледен және биіктігі 12 м екі қабатты техникалық үйден тұратын біртұтас қорапты құрылым. Діңгегінің металл бөлігі 18,5 м профильді анодталған алюминий панельдермен қапталып, кейбір тұстары шыны витражбен бөлінген. 146 м биіктігінде қала көркін тамашалауға арналған алаң бар. 252 м биіктікте антенналық-фидерлік жүйелерді техникалық қадағалау қызметі бөлімі орналасқан. Мұнара биіктігі 114 м секциялы металл антенна этажеркасымен бітеді. Әр секцияда теледидар мен радио хабарын таратуға арналған антенналар бар. Ол антенналар арқылы 80-190 км радиуста 5 арнада телехабар және 4 арнада радиохабар толқындары таратылады. Техникалық қызметке арналған үйдің бірінші қабатында телерадио хабар стансасы, байланыс аппараттары мен гидроқызметті қадағалайтын басқару құралдарымен жабдықталған кабинеттер бар. Екінші қабатта мұнараның көру алаңынан қаланы тамашалағысы келетіндерді қабылдап, оларды алаңға жеткізуді ұйымдастырушыларға арналған бөлмелер орналасқан.

Дереккөздер

Кок-Тюбе: Алма-Ата
Gulim 8 · CC BY-SA 4.0

Key facts

Биіктігі
371,5 м
Лифтілер
2
Орналасуы
Қазақстан, Алматы
Сәулетшісі
Н.Г. Терзиев, А.Н. Савченко конструкторлары: Н.К. Акимов, Б.В.
Қолданылуы
радио-теледидар хабарларын тарату
Құрылысы аяқталды
1982
Құрылысы басталды
1975