Shejire

Әліп Дүсіпов

PersonUpdated: 9/14/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Әліп Дүсіпов (1936, Гурьев облысы, Новобогат ауданы, Таскран ауылы — 10 қыркүйек 2004, Атырау) — кәсіптік білім беру саласының мұғалімі. Қазақ КСР Кәсіптік-техникалық білім беру саласының үздігі.

Өмірбаяны

Дүсіпов Әліп 1936 (болжам бойынша) жылы Гурьев облысы Новобогат ауданы, Таскран ауылында дүниеге келген. Беріш руының тумасы, тармағы Құлкеш, Кіші жүз. 1955 жылы Гурьев ауыл шаруашылығы техникумын бітірген. 1957 жылы Гурьев мұғалімдер институтын бітірген. 1968 жылы Мәскеу политехникалық институтын сырттай бітірген. 1957-1960. Еңбек жолын Есіркеп мектебінде мұғалім болып бастаған. 1960-1962 жылдары Новобогат аудандағы №37 училищесінде оқытушы. 1963-1998 жылдары Гурьев ауыл шаруашылығы техникумында оқытушы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып ұзақ жыл еңбек етті. 1998 жылы ұзақ жылдар жұмыс істегеннен кейін зейнетке шықты.

Жеке өмірі мен отбасы

Әкесі - Дүсіп Әбикеров (1893-1979), өте білімді, өз уақытында беделді адам болған. Ол Орпа медресесінде діни білім алған. Балаларын жоғары білім алу үшін бар күшін салған. Дүсіптің бірінші әйелі Зира Оразақ кызы. Ол 1946 жылы дүниеден өткен, 1950 жылы екінші әйелі Нұржамал Нығмет кызымен (1908-1999) отау құрған. Отбасында қыздары Наху (-1945), Жария (1927-2011), Мубарак (1929-2011), Рижа (1932-2011), Нәсіп (1934-2003) және ұлдары Әліп (1936-2004), Әрші (1938-1952) тәрбиелеп өсірген. Зайыбы – Злиха. Балалар: Мәлікаждар (1963), Махмуд (1964), Әнес (1968) және Мұрат (1973).

Марапаттары

Қазақ КСР Кәсіптік-техникалық білім беру саласының үздігі. Қазақстан Республикасы Презідентінің Құрмет грамотасының иегері (1991).

Дереккөздер

Place in the family tree

Key facts

person
Әліп Дүсіпов
Туған жері
Таскран ауылы, Новобогат ауданы, Гурьев облысы
Туған күні
1936 (1936)
Азаматтығы
 КСРО Қазақ КСР Қазақстан
Қайтыс болған жері
Атырау, Қазақстан
Қайтыс болған күні
10 қыркүйек 2004 (2004-09-10)