Әлімбетов Сапарғали
Place in the family treeBu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Сапарғали Әлімбетов (1888, Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, бұрынғы Шамака. - 10.10.1956, Семей қаласы) - айтыс ақыны, жырау, сері.
Найман тайпасының Қаракерей руының Байыс атасынан тараған. Ескіше сауат ашқан. 1941 жылы халық ақындары Төлеу Көбдіков, Нұрлыбек Баймұратовпен бірге Семей облысының шалғайдағы аудандарында үгіт бригадасын ұйымдастырып, өлең, жырларымен халыққа жігер береді. Түрлі айтыстарға қатысып, Есенсары Құнанбаевпен, Маясар Жапақовпен, Қалқа Жапсарбаевпен, Қуат Терібаевпен, Мағжан Орынбаевпен айтысқан. Әлімбетовтің ақындық, айтыскерлік жолға түсуіне Iлияс Жансүгіров ықпал еткен. Оның толғаулары облыстық, республикалық газеттерде жарияланған. "Мейір батыр", "Молдабай палуан", "Қамбадағы айқас", "Қос жалшының өлімі", "Ақтардың әрекеті". "Қойгелді батыр" тарихи дастандарының авторы. "Қызыл жұлдыз" орденімен, "Құрмет" грамотасымен, көптеген медальдармен марапатталған.
Дереккөздер
