Shejire

Алға

HistoryUpdated: 9/15/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

город Алга
Gegelmann · CC BY-SA 3.0

Алға — Қазақстанның, Ақтөбе облысындағы қала, Алға ауданының орталығы, темір жол станциясы.

Географиялық орны

Ақтөбе қаласының оңтүстігіне қарай 45 км жерде, Елек өзенінің сол жағалауына орналасқан.

Тарихы

1930 жылы химия комбинатының құрылысы басталуына байланысты іргесі қаланды. 1961 жылы кенттен қалаға айналды. Алға ауданы түгелімен Қазақстанның Еуропа жағында орналасқан.

Халқы

Алга. Вид около ж.д.вокзала
Мағыпар · CC BY-SA 4.0

19 896 адам (2010); 19 978 адам (2013). 20 239 адам (2016) 20 432 адам (2019) 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 22446 адамды (10864 ер адам және 11582 әйел адам) құрады.

Өнеркәсібі, инфрақұрылымы

Алғада Қазақстандағы ірі химия кәсіпорындардың бірі, минералдық тыңайтқыштар өндіретін Ақтөбе химия комбинаты (АҚ) жұмыс істейді. Қалада нан, май зауыттары, Ақтөбе медициналық колледжінің бөлімшесі, емхана, аурухана, дәріхана, кәсіптік-техникалық колледжі, орта музыка және спорт мектептері, кинотеатр, кітапхана, баспахана, санитарлық-эпидемиялық станциясы, стадион және жүзу бассейні бар. Алға арқылы Орынбор — Ташкент темір жолы, Ақтөбе — Атырау автомобиль жолы өтеді.

Галерея

Дереккөздер

Железнодорожный вокзал
Мағыпар · CC BY-SA 4.0
Алга. Ресторан
Мағыпар · CC BY-SA 4.0

Key facts

Ел
 ҚазақстанҚазақстан
Ауданы
Алға ауданы
Облысы
Ақтөбе облысы
Статусы
Аудан орталығы
Тұрғыны
▲22 736[1] адам (2023)
Телефон коды
+7 71337
Пошта индексі
030200
Уақыт белдеуі
UTC+5:00