Shejire

Алексей Васильевич Черекаев

Place in the family tree
PersonUpdated: 9/14/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Залевкашенная иконная доска
Участник:Nesusvet · Public domain

Алексей Васильевич Черекаев (29.3.1932, Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Мәстексай ауылы) – ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы (1972). Ресейдің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1967). Социалистік Еңбек Ері (1971). Мәскеу ветеринария академиясын бітірген (1955). Батыс Қазақстан облысы Чапаев (1955–1958, қазіргі Ақжайық) ауданында бас зоотехник, аудандық ауыл шаруашылық инспекциясының бастығы, «Аңқаты» асыл тұқымды мал зауытының директоры (1963–1971), Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары (1972–1975) қызметтерін атқарды. «Зоотехнические и экономические основы специализированного мясного скотоводства» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 200-ден аса ғылыми жарияланымның авторы. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Дереккөздер