Shejire

Айжарқын Қанайұлы

PersonUpdated: 9/14/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Айжарқын Қанайұлы (1855 жыл, Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы – 1930 жыл 8 наурыз) — хан, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына белсене қатысушы, Ырғыз көтерілісі (1930 жыл) басшыларының бірі. Алшын руының Шөмекей тайпасынан шыққан.

1916 жылғы көтеріліске қатысуы

Николай II-нің маусым жарлығына (1916 жыл) мойынсұнбаған Айжарқын Қанайұлы Кенжеғара болысында көтеріліс ұйымдастырады. 1916 жылы қыркүйекте көтерілісшілер оны хан сайлады. Айжарқын сарбаздары Ырғыз бен Торғай арасында батыл соғыс қимылдарын жүргізді. Көтеріліс басып-жаншылған соң, түрмеге қамалған Айжарқынды ату жазасынан Ақпан революциясы құтқарды.

Ұжымдастыруға қарсы қарулы бас көтеруі

1930 жылдың ақпан-наурыз айларында туған жері – қазіргі Қостанай облысы Жетіқара ауылымен іргелес ауылдар шаруаларының Кеңес үкіметінің күштеп ұжымдастыру саясатына қарсы қарулы көтерілісін бастады. Көтерілісшілерге көрші аймақтың қазақтары қосылды. Хазірет Мұқантай Сәметовпен бірге Айжарқын Қанайұлы ақсақал бастаған халық жасағы Ырғызға шабуыл жасады. Айжарқын Қанайұлы Ырғыз маңындағы Көлқамыс деген жерде ОГПУ әскерімен шайқаста қаза тапты.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Торғай көтерілісі(қолжетпейтін сілтеме) Әбдiғапар ханды атқызған Әлiби Жангелдин едi Мұрағатталған 8 ақпанның 2015 жылы. http://magistr.kz/referat/show/1685/45/4 Мұрағатталған 8 ақпанның 2015 жылы.

Place in the family tree

Key facts

person
Айжарқын Қанайұлы
Қызметі
Қазақ батыры, 1916 жылғы көтеріліс ханы.
Туған күні
1855 (1855)
Азаматтығы
Қазақ КСР
Қайтыс болған күні
8 наурыз 1930 (1930-03-08)