Айту Жаубасарұлы
Place in the family treePersonUpdated: 9/14/2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Айту Жаубасарұлы (1746 — 1790) — би, Балпық бидің шәкірті. Жас кезінен билік айтуға араласқан. Айтудың білгірлігі мен әділдігіне риза болған Балпық би оған “Айтудан айтар сөз артылмаған” деп баға берген. Жалайыр тайпасының Қалпе руынан шыққан. Айтудың басына ұрпақтары кесене орнатты (1997, Үштөбе-Көксу автомобиль жолының бойы, Оян ауылы). Кесененің биіктігі 12 м., аумағы 30 м2, күмбезі қос сатылы, төменгі қабаты 7 бұрышты. Сәулетшілері Бейсенбаева Ғ., Әлімжанов А.