Айнабек Нысанұлы
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Айнабек Нысанұлы (1900, Бәйдібек ауданы Көктерек ауылы – 1972) – айтыскер ақын. Сіргелі тайпасының Батыр-Жайдақ руынан шыққан. Үш жасында қызылшамен ауырып, содан екі жанары суалып, зағип болып қалған. Әкесі Нысан ауызы дуалы би болған. Ол 13 жасында-ақ елге ақын ретінде таныла бастайды. Халық ақыны Нұралы Нысанбайұлы Айнабекті қасына алып, тәрбиелейді. Н. келе-келе төкпе ақынға айналады, ақын ретінде соғыс тұсында елге танылады. Ғалым Айнабек Нысанұлы Төреқұлұлының айтуынша, Айнабек Нысанұлы белгілі ақындар Манат қыз, Жылқыбай, Зұлпыхар, Италмас, тағы басқалардан өнеге алған. «Ойсалдың отыз ұлы», «Ілияс туралы жыр», «Өзім туралы», «Айнабек пен Орақтың айтысы», «М.Әуезовке арнау» секілді жырлары бар. Өлкелік, облыстық айтыстарда Құлжабай Төлеуов, Мыңбай Сұлтанбеков, Көпбай Әлімбетов, т.б. ақындармен айтысқа түскен. Оның айтыстары «Айтыс» (3-т.), «Оңтүстік ақындар айтысы» жинақтарында жарияланған. Бейіті Бәйдібек ауданындағы Көктерек ауылында.