Аймақ Жанғалиұлы Жанғалиев
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Аймақ Жанғалиұлы Жанғалиев (15 тамыз, 1913 жыл., Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Ащысай а.) — биология ғылымдарының докторы (1969), профессор (1990), Қазақстан ғылым академиясының академигі (2003), Қазақ КСР-інің еңбек сің. ғыл. қайраткері (1961).
Өмірбаяны
Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын (1935, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би (бұрынғы Қаратас) ауданында агроном болған (1935–1936). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтында бөлім меңгерушісі (1946–1949) инстиут директоры (1949–1953) Гурьев (қазіргі Атырау) мемлекеттік ауыл шаруашылық тәжірибе ст-ның, Қазақ жеміс-жүзім шаруашылық ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастырушысы, тұңғыш директоры (1953–1959) Қазақстан ғылым академиясының Биология ғылымдар бөлімшесінің академик-хатшысы, Төралқа мүшесі (1962–1970) болды. 1970 жылдан Қазақстан ғылым академиясының Бас ботаника бағында қызмет істеді. Ол 1970–1980 ж. жабайы жеміс-орман өсімдіктері бөлімін басқарды. 1980 жылдан Ботаника және фитоинтродукция ғылыми-зерттеу институтында лаборатория меңгерушісі, сондай-ақ «Өсімдіктер генофондысы» ЖШС-нің бас директоры.
Ғылыми еңбектері
Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстандағы жеміс ағаштарының биол. алуан түрлілік генофондысын сақтау және оны тиімді пайдалануға арналған. Жанғалиев бақ шаруашылығын жүйеге келтіріп, жеміс-жидек және жүзім ағаштарын өсіру әдістерін жетілдірді. Жанғалиев жеміс-орман ағаштарының селекциясы мен генетикасын зерттеген.
Марапаттары
2-дәрежелі Отан соғысы 2 рет «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Аймақ Жанғалиұлы Жанғалиев Мұрағатталған 25 қыркүйектің 2022 жылы.