Айдарлы төбе
HistoryUpdated: 9/15/2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Айдарлы төбе – Қазақстандағы көне қала орны. Созақ ауданы орталығынан солтүстік-батысқа қарай 20 км жерде орналасқан. 1970 ж. Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы (жетекшісі К.Байпақов) зерттеген. Айдарлы төбенің қазіргі көрінісі дөңес, ұзындығы 60 м, биіктігі 3,5 м. Қазба жұмысы жүргізілмеген. Төбе үстінен жинастырылған қыш ыдыстардың жасалу тәсілдері б. з. 6 – 7 ғасырларда болған қала орны екенін көрсетеді.