Shejire

Абдуллин Вахит Абдуллаұлы

PersonUpdated: 9/14/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Абдуллин Вахит Абдуллаұлы (20.6.1914, Қарағанды облысы Тельман ауданы Қарамұрын станциясы — 12.4.1990, Алматы) — ғалым, экономика ғылымдарының докторы (1972), профессор (1978), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1983). Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері (1976). Ұлы Отан соғысына қатысқан. Мәскеу қаржы-экономика институтын бітірген (1954). Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеулер институтында кіші ғылыми қызметкер (1955), аға ғылыми қызметкер (1956), бөлім меңгерушісі (1964) болды. Ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты — қой шаруашылығын индустриясын негізге көшіру жағдайында өндірісті, еңбекті және технологияны ұйымдастырудың озық формаларын ғылыми тұрғыда негіздеуге арналған. Жауынгерлік Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.

Дереккөздер

Place in the family tree