Абдулғазиз Ыбырайұлы Жандеркин
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Абдулғазиз Ыбырайұлы Жандеркин (1905 қарашаның 7-інде, Қарағанды облысы Қарқаралы қаласы) – биология ғылымдарының кандитаты (1945), Қазақ ауыл шаруашылық академиясының корриспондент мүшесі (1969).
Қысқаша өмірбаяны
Арғын тайпасы Қаракесек руы Танас Сары бұтағынан шыққан.
1929 - Алматы зоотехника-малдәрігерлік институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген.; 1929–35 - Қарақалпақстан мен Қазақстан жоспарлау комиттерінде; 1935–54 - Қазақ мал шаруашылығының ғылыми-зерттеу институтында қызметтер атқарды. 1954–55 - Бүкілодақтық ауыл шаруашылық көрмесінің Қазақстан павильонында директор және аға әдіскер; 1955–57 - Қазақстан ғылым академиясының Эксперименттік биология институтында зертхана меңгерушісі; 1957–60 - сол институтта директор болды. 1960–62 - Гурьев (қазіргі Атырау) ауыл шаруашылық тәжірибе станциясының директоры; 1962–63 - Қазақстан халық шаруашылық жетістіктері көрмесінің директоры; 1963 жылдан - өмірінің соңына дейін Қазақстан ғылым академиясының Эксперименттік биология институтында зертхана меңгерушісі; 1978–83 - кеңесші болды.
Еңбектері
Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстанда мал шаруашылығын, оның ішінде қой және ешкі өсіруге арналған. Жандеркин Қазақстанда мал шаруашылығын дамыту жолында зор еңбек сіңірді. Ол қазақтың арқар-меринос қойын шығарғаны үшін бір топ ғалымдармен бірге КСРО Мемлекеттік сыйлығын алды (1950). «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған. Шығармалары:
Как создавался казахский архаромеринос, “Колхозное производство”, 1951, №1; "Разведение шерстных коз", 1950; "Анатомия и физиология животных", 1954 (соавтор); "Мясо-сальное овцеводство Казахстана", 1964.
Сілтемелер
ЖАНДЕРКИН АБДУЛҒАЗИЗ ЫБЫРАЙҰЛЫ Мұрағатталған 7 желтоқсанның 2011 жылы. ЖАНДЕРКИН АБДУЛҒАЗИЗ ЫБЫРАЙҰЛЫ(қолжетпейтін сілтеме)